БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 18.12.2014

Ағымдағы жылдың 14-16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар кешені шеңберінде «KMG Drilling & Services» ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС және «Oil Services Company» ЖШС-мен бірлесіп, ОСС, OSC және ОТК-нің «Қаламқас» және «Жетібай» кен орны мен Ақтау қаласындағы қызметкерлері үшін іс-шаралар өткізді.

«KMG Drilling & Services» ЖШС басшылығы компаниялардың өндірістік персоналын құттықтап,  өндіріс озаттары мен мұнай-газ саласының ардагерлеріне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KMG Drilling & Services» ЖШС басшылығы атынан медальдер, грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады.

«ОСС» ЖШС қызметкерлері еңбегінің жағдайын жақсарту мақсатында жаңа үлгідегі 14 пісіру аппараты тапсырылды. Сонымен қатар  «Қаламқас» және «Жетібай» кен орындарында жаңа спорттық футбол алаңдары салтанатты түрде ашылып, еншілес ұйымдардың қызметкерлері қатырынан құрылған командаларға естелік спорт саймандары табысталды.

«OSC» ЖШС қызметкерлерінің бастамашыл тобы домбырашылар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

[widgetkit id=86]