Жалпы ақпарат

«KMG Drilling&Services» ЖШС 2014 жылғы 30 мамырда  «Теңіз Бұрғылау» ЖШС теңіз бұрғылау компаниясы негізінде құрылды. Компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады.

Компанияның негізгі қызметі теңіз және жерүсті мұнай-газ ұңғымаларын салу бойынша қызмет көрсету болып табылады.

Компанияның болашақ дамуы мұнай-газ операторларына қызмет көрсету нарығында  қазақстандық компаниялардың бәсекелестігін арттыруға бағытталады және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылады.

 «KMG Drilling&Services» ЖШС өндірістік және әкімшілік персоналы халықаралық бұрғылау компанияларында жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті жергілікті және шетелдік мамандардан тұрады.