Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы
СIЗДIҢ СЕНIМДI БҰРҒЫЛАУШЫ СЕРIКТЕСІҢІЗ
«KMG Drilling&Services» ЖШС 2014 жылғы 30 мамырда «Теңіз Бұрғылау» ЖШС теңіз бұрғылау компаниясы негізінде құрылды. Компанияның негізгі қызметі теңіз және жерүсті мұнай-газ ұңғымаларын салу бойынша қызмет көрсету болып табылады.
Компанияның болашақ дамуы мұнай-газ операторларына қызмет көрсету нарығында қазақстандық компаниялардың бәсекелестігін арттыруға бағытталады және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылады.
«KMG Drilling&Services» ЖШС өндірістік және әкімшілік қызметкерлері халықаралық бұрғылау компанияларында жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті жергілікті және шетелдік мамандардан тұрады.