БАҚ үшін ақпарат

Бірқатар БАҚ-тарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) акцияларын шетелдік және қазақстандық қор биржаларында орналастыру жоспары туралы ақпараттардың жариялануына байланысты, ҚМГ келесідей хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына еншілес және тәуелді мекемелердің акциялар пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 қыркүйектегі №1027 Қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес, ҚМГ - компаниялардың ІІІ эшелонына, яғни акцияларын бағалы қағаздар нарығында 2015 жылдан кейін орналастыруға болатын компаниялар қатарына жатқызылған болатын.