Басқарма төрағасының қауіпсіздік мәселелеріне арналған Жолдауы

2018 жыл аяқталуға жақын, мен сіздердің әрқайсыларыңызға жұмыстарыңызды беріле атқарғандарыңыз үшін және «ҚазМұнайГаздағы» ынталы қызметтеріңіз, сондай-ақ сіздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бейілділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ретінде 2018 жылы «ҚазМұнайГаз» - дың қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне өзім куә болдым. Компания тарихында алғаш рет 12 айлық кезеңде еңбек қызметімен байланысты өлім жағдайлары бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізді. 2017 жылмен салыстырғанда жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым оқиғалардың саны (еңбек қызметіне байланысты жарақат нәтижесінде бір күннен астам кезеңге) 35% - ға азайды. Осының барлығы Компаниядағы қауіпсіздік мәдениетінің жыл сайын артып мен нығайып келе жатқанын айғақтайды. Бұл үшін барлығыңызға алғыс айтқым келеді.

Алайда, өкінішке орай, 2018 жыл жазатайым және оқыс оқиғаларсыз жыл болған жоқ - өндірісте оқыс оқиғалар әлі де болып тұрады. Біз Компанияның және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің бәрі де, әрқашан жұмыстан үйлеріне аман-есен оралғанын қалаймыз! Біз 100% қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатымен үздіксіз жұмыс істейтін боламыз. Ерекшеліктер жоқ!

Біздің қызметкерлеріміздің, мердігерлеріміздің және тұрғындардың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажырлы еңбегіміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесінің ұзақ мерзімді әрі табысты болуының негізгі факторы болып табылады. Біз қауіпсіздік мәдениетін негізгі құндылықтарымыз бен тұтастығымыз бен өндірістің жоғары стандарттарына берілгендігімізбен бөлісетін кадрлық әлеуетті тарту, дамыту және сақтау арқылы үздіксіз ілгерілететін боламыз.

Компанияда қауіпсіздік бойынша бірқатар ережелер, рәсімдер мен стандарттар әзірленді және енгізілді. Үлкен жұмыс атқарылды, бірақ бұл да  жеткіліксіз.  Біз қауіпсіздік құндылығы біздің ұжымымыздың барлық деңгейлерінде енгізілген, сондай-ақ ҚМГ объектілерінде жұмыстарды орындайтын әрбір адамның жүріс-тұрыс әдебінің  ажырамас бөлігі болып табылатын мәдениетке қол жеткізуге ұмтылысымызды жалғастыруға тиіспіз. Бұл құндылық жұмыс орнынан шыққан кезде де өзгермейді, ол сіздің жеке өміріңіздің мәңгі ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Себебі қауіпсіздік мәдениеті дегеніміз - бұл ойлау, көзқарас пен мінез-құлықты қалыптастыратын жазылмаған нормалар мен стандарттар жиынтығы.

Қауіпсіздікті сақтау басшылықтан басталады. Бірақ басшылық жеке өзі барлық жерде мәдениеттің енгізілуін қамтамасыз ете алмайды.

Мен сіздердің әрқайсыларыңыз, егер олар қауіпті жағдайларды немесе іс-әрекеттерді көрсе, бұл туралы ашық айтады деп күтемін, ал сіз жүгінген тұлғалар, ол мейлі тапсырманы орындайтын жұмыскер болсын, не болмаса сіздің басшыңыз болсын,  жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін сізді тиісті жабдықпен және оқытумен қамтамасыз ету үшін сіздің өтінішіңізді назардан тыс қалдырмайды деп ойлаймын. Бұл міндеттеме ҚМГ-нің әрбір қызметкеріне, соның ішінде мен үшін де айнымас нәрсе.

Біздің мақсатымыз-барлық қызметкерлеріміздің қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілігін сезінетін мәдениетті қалыптастыру, мұнда талаптар жай ғана сақталып қоймай, қауіпсіздік техникасының жай-күйін жақсартуға ұмтылатын атмосфера болады.

Қауіпсіздік мәдениетін құру-бұл түпкілікті  аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашан мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Осы жолмен үнемі алға жылжу өзін-өзі тәрбиелеуді дамытады және қауіпсіздік мәселелеріне үнемі назардан тыс қалдырмауға, оны жақсарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға мәжбүр етеді. Қазақстандағы және мұнай-газ саласындағы ең үздік компания болайық.  Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін одан әрі және тұрақты жақсартуға ұмтыла берейік!

Сіздерге тағы да іске деген адалдықтарыңыз, қауіпсіздік бойынша көрсеткіштерді жақсартуға қосқан үлестеріңіз және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің тиімділігін арттырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, сондай-ақ сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға 2019 жылдың қауіпсіз, салауатты және табысты болуына тілектеспін!

 

А. Айдарбаев

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы