Өзі көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы

Каспий теңізін игеру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨЖБҚ) салу туралы шешім қабылдады.

2012 жылы «Теңіз Бұрғылау» ЖШС («KMG Drilling&Services» ЖШС) мен «Кеппел Қазақстан» ЖШС және «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-нан тұратын консорциум арасында алғашқы қазақстандық  «Сәтті» (Satti)  өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын толықтай жасап шығатын келісімшартқа қол қойылды.

«Satti» бұрғылау қондырғысы Keppel FELS B класының конструкциясына жатады және 3 тіректі өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы болып табылады. Қондырғы су тереңдігі 5-тен 80 м-ге дейін болған кезде тереңдігі 6 000 м-ге дейін мұнай-газ ұңғымаларын салуға арналған. Жобалық құжаттама ҚР уәкілетті органдарында және американдық кеме қатынасы бюросымен (ABS) және ресейлік теңіз кеме қатынасы тіркелімімен (РМРС) сыныптау қоғамдарымен келісілген. 

«Satti» бұрғылау қондырғысы американдық технологиялар бойынша үш жыл бойы екі верфьте – «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС түпкілікті құрастыра отырып, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағындағы Keppel Kazakhstan ЖШС-де салынды.

ӨЖБҚ құрылысы, сондай-ақ алғашқы Қазақстандық теңіз бұрғылау компаниясын құру теңіз бұрғылау қызметтерінің отандық саласын құруға ықпал етті.

2019 жылғы қаңтарда мұнай-газ саласы саласындағы ҚазМұнайГаз ҰК мен SOCAR арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және осы ынтымақтастық жобаларының бірі Каспий теңізінің Әзірбайжан секторындағы British Petroleum (BP) және SOCAR жобаларында бұрғылау үшін ӨЖБҚ бірлесіп пайдалану болып табылады.

2019 жылғы ақпанда ӨЖБҚ Әзірбайжанда бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде, Апшерон (2 ұңғыма) және Бабек жобаларында кейіннен пайдаланыла отырып, BP компаниясының техникалық талаптарына түрлендіру үшін Баку қаласында орналастырылды.