Қазақстандық Satti бұрғылау қондырғысы теңізге шықты

Caspian Drilling Company Ltd теңіз және логистикалық базасында ӨЖБҚ-ның теңізге шығуына байланысты салтанатты рәсім өтті. Хабарламада ҚМГ мұнай сервисі және көмірсутегі шикізатын кәдеге жарату жобалары департаментінің директоры Асхат Дүйсәлиевтің: «Бүгінгі күн - Қазақстандық мұнай сервисі нарығы үшін тарихи оқиға. CDC, British Petroleum сияқты компаниялармен ынтымақтастық халықаралық тәжірибені қабылдап қана қоймай, Қазақстанның мұнай-сервистік қызмет көрсету нарығын әлемдік стандарттар бойынша сапалы қызмет көрсететін бәсекеге қабілетті сервис ретінде танытуға мүмкіндік береді»,-  деген сөздері келтірілген. Satti ӨЖБҚ модификациясы 2021 жылдың маусым айында аяқталды, SPBU жүк көтергіштігі 453 тоннадан 680 тоннаға дейін өсті. Қондырғы тереңдігі 6 мың метрден астам мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылауды қамтамасыз етуге қабілетті. Satti компаниясы операторы British Petroleum Absheron Limited болып табылатын Shallow Water Absheron Peninsula (SWAP - Апшерон архипелагының таяз суы) жобасына қатысады.  Satti ӨЖБҚ-  бүтіндей Қазақстанда жасалған   алғашқы қондырғы. Бұған дейін ҚМГ мен Әзірбайжан мемлекеттік мұнайкомпаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ӨЖБҚ  бірлесіп пайдалануды көздейтін бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. ӨЖБҚ - ның меншік иесі ҚМГ-ның еншілес компаниясы - «KMG Drilling & Services» ЖШС болып табылады, қондырғыны басқаруды CDC жүзеге асырады.