Жаңа компания – жаңамақсаттар

Мәлім болғандай, мұнай-сервис саласындағы әлемдік алпауыттардың бірі - Parker Drilling Қазақстандағы көмірсутек шикізатын өндірумен айналысатын ірі кен орындарының бірін игеретін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) компаниясына көптеген жылдар бойы бұрғылау қызметтерін ұсынып келеді.

2017 жылы ҚПО тарапынан Қарашығанақта 2018-2022 жж. кезеңіне жұмыс көлемін қамтамасыз ету үшін бұрғылау қондырғыларын ұсыну қызметтеріне тендер жарияланды.

Аталмыш тендерге қатысу үшін «KMG Drilling & Services» ЖШС тарапынан «Parker Drilling» компаниясымен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде тендерге қатысу үшін ҚПО компаниясына бірлескен өтінім түсірілген болатын.

2018 жылдың ақпан айында тендердің қорытындысы бойынша Жерүсті бұрғылау қондырғыларын ұсыну туралы келісімшарт жасалды.

Келісімшартқа сәйкес, 3 жылдың ішінде 20 жуық өндіретін және 4 айдау ұңғымаларын бұрғылау жоспарланып отыр.

Жобада шамамен 140 адам жұмыс жасайтын болады, оның ішінде 92% - қазақстандық мамандар мен жұмыскерлер.

Операциялық қызметті 2018 жылдың жаз айында бастау жоспарланып отыр.

Алдыңғы келісімшарттарды іске асырумен бірге, 2018 жылдың 14 наурызында Астана қаласында құжаттар топтамасына қол қойылған болатын, осыған орай «KMG Drilling & Services» ЖШС Келісімшартқа сәйкес бұрғылау қызметтерін жүзеге асыратын «ҚМГ Паркер Дриллинг Компани» ЖШС (ҚПДК) 49 пайызының иесі болып атанды.

Құрылтай құжаттарына сәйкес ҚПДК негізгі коммерциялық қызметі- мұнайгаз өнеркәсібі саласында жерде, теңізде және ішкі суларда бұрғылау қызметтерін ұсыну; қызмет көрсету, ұңғымалардың ағымдағы, күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу, мұнай және газ ұңғымаларын игеру әрі сынау, және де басқа да ілеспе қызметтерді көрсету болып табылады.

Жалпы алғанда бұл жаңа жобаның маңызын асыра бағалау қиынға соғады. ҚПДК қызметі шеңберінде бірегей тәжірибе, білім, технологиялар және басқару жүйелерін қолдануға жағдай жасалады, ал ұзақ мерзімді кезеңде бұрғылау мердігері ретінде Қазақстанның басқа да мұнай-газ жобаларында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте қазақстандық компанияның мұнай-сервис саласындағы қызметтер нарығында серпінді жобаны тағы бір мәрте ойдағыдай жүзеге асырып, ең жоғары деңгейдегі шетелдік компаниямен толыққанды серіктес атану мәртебесіне ие болуы бұл оқиғаға ерекше астар беріп, маңызын арттырып отыр.

 001.jpg002.jpg