«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациясы

6 қазанда Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры тобын трансформациялау бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы пилоттық компаниялар қатарында. Бүгін ұлттық компанияда трансформациялау жөніндегі кеңейтілген жұмыс тобының отырысы өткізілді. Оған қор, ұлттық компания және оның еншілес компанияларының басшылары кірді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та бірыңғай кадр саясатын енгізуге дайындық жүргізілуде. Бүгін Астанада болғалы отырған трансформациялау шеңберінде оның жобасы таныстырылды. Бұдан басқа Мәскеу бизнес-мектебінің сарапшылары компанияда құрылған трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері үшін тренингтер өткізуде. Оның ішінде бөлімшелердің және HR  басшылары да бар. Олар  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобында өзгерістерді жүзеге асырудың көшбасшылары болмақ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов былай деді:

- Президент компанияларда әлеуметтік лифтілердің болуы, адамның мансаптық өсуі түсінікті болуы туралы тапсырма бергені белгілі. Екіншіден, қызметкерлердің дамуы, олардың өз болашақ тағдырын біздің компаниямызбен байланыстыруы.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі - адамдар. Сондықтан трансформациялау шеңберінде «ҚазМұнайГазда» қызметкерлердің дағдылары мен өзін өзі ұстауы, басқару стилі мен тиімділігі өзгереді деп күтіледі.

«Самұрық-Қазына» қорының адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры Дэниэл Крюсберг:

- Ең бастысы, өзгерістердің драйвері болып табылатын аспектілерді қадағалау. Олар – адамдардың қабілеттері, тәжірибесі, білімі, мінез-құлқы. Адам өз орнында болуға тиіс. Бұл адамдардың дамуына инвестиция салу дегенді білдіреді. Сонымен бірге лайықты адамдарды қабылдауымыз қажет.

Жұмыс тобының отырысы үш күнге созылады. Оның нәтижесі бойынша кадр саясатын жетілдіруге және жемісті трансформациялауға бағытталған ұсыныстар мен нақты іс-шаралар жоспары қабылданады