Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

Стать поставщиком

Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ) мен Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) арасындағы ынтымақтастықтың жандануы байқалып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ҚМГ Басқармасының төрағасы А.Айдарбаев Бакуде SOCAR Президенті Р. Абдуллаевпен келіссөздер жүргізді. Осы кездесу аясында ҚМГ мен SOCAR арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, ол компаниялар арасындағы, оның ішінде Каспийдегі геологиялық барлау жұмыстары саласындағы, көмірсутек шикізатын барлау жөніндегі геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ логистика, мұнай және мұнай өнімдері трейдингі саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективаларын көздейді.

Ынтымақтастықтың алғашқы нақты жобасы ретінде Меморандум Каспий теңізінің Әзірбайжан акваториясындағы жобаларда бұрғылау үшін "Сәтті" ӨЖБҚ бірлесіп пайдалану қарастырылған. Бұл қондырғы теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық қатысуды күшейту мақсатында салынды. 

2019 жылғы 16 ақпанда Астанада ҚМГ Басқарма Төрағасы А.Айдарбаев SOCAR Президенті Р. Абдуллаевпен кездесті. Осы сапар аясында тараптардың екі еншілес компаниялары арасында ӨЖБҚ сенімгерлікпен басқару шартына қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, осы Шартты іске асыру кезеңдері мен егжей-тегжейін қамтитын тиісті жол картасы әзірленетін болады.

Бұл ретте Әзірбайжан тарапы ӨЖБҚ жетілдіру және Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында бұрғылау жөніндегі міндеттемелер қабылдады. ҚМГ-бен  SOCAR -ға сенімгерлік басқаруға берілетін өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы "Вritish Рetroleum" компаниясы әзірлейтін "Абшерон" құрылымында Әзірбайжан тарапы іске асыратын жобаларға жұмылдырылатын болады. Атап айтқанда, SOCAR екі ұңғыманы бұрғылауды қамтамасыз етуді жоспарлап, Каспий теңізінің Әзірбайжан секторындағы басқа SOCAR жобаларында "Сәтті" ӨЖБҚ тарту бойынша күш-жігер жұмсайды.

SOCAR компаниясымен ынтымақтастық теңіз бұрғылау тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Каспий теңізінің бұрғылау қызметтері нарығындағы ӨЖБҚ бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

 

 

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері