Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

БАҚ үшін ақпарат

Бірқатар БАҚ-тарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) акцияларын шетелдік және қазақстандық қор биржаларында орналастыру жоспары туралы ақпараттардың жариялануына байланысты, ҚМГ келесідей хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына еншілес және тәуелді мекемелердің акциялар пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 қыркүйектегі №1027 Қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес, ҚМГ - компаниялардың ІІІ эшелонына, яғни акцияларын бағалы қағаздар нарығында 2015 жылдан кейін орналастыруға болатын компаниялар қатарына жатқызылған болатын.

Толығырақ: БАҚ үшін ақпарат

Құрылып жатырған Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысына ат берілді

2013 жылдың 05-наурызында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылық шешімімен құрылып жатырған өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысына (ӨЖБҚ) «Сәтті» деген ат қойылды.

Қазақстандық алғашқы өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салуды бастау туралы баспасөз хабарламасы

2012 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Кеппел Қазақстан» ЖШС мен «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС құрған консорциум және «Теңіз Бұрғылау» ЖШС арасында алғашқы қазақстандық өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) «кілтпен» салуға арналған келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық ӨКБҚ салу жобасы ең озық қазақстандық инновациялық жобалардың бірі болып табылады.

Толығырақ: Қазақстандық алғашқы өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысын салуды бастау туралы...

«Теңіз Бұрғылау» ЖШС Жарғысы жаңа редакцияда бекітіліп, мемлекеттік тіркелді

2013 жылдың 27-желтоқсанында Жалғыз қатысушы («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасы) Шешімімен «Теңіз Бұрғылау» ЖШС (бұдан әрі -Серіктестік) Жарғысы жаңа редакцияда бекітілді және Астана қалалық юстиция Департаментінде 2013 жылғы 19-наурызда мемлекеттік тіркеуден өтті.

Толығырақ: «Теңіз Бұрғылау» ЖШС Жарғысы жаңа редакцияда бекітіліп, мемлекеттік тіркелді

«ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы Корея Консорциумымен бірге су асты бұрғылау қондырғысын пайдалануға бергенін хабарлайды

 

2012 жылдың 14 маусымында Құрық кентінде ( Маңғыстау облысы) су асты бұрғылау қондырғысына салтанатты түрде «Каспиан Эксплорер» (бұдан әрі — СБҚ) деген ат берілді.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан болашағы бар Жамбыл теңіз учаскесі бойынша «ҚазМұнайГаз»ҰҚ АҚ (бұдан әрі — ҚМГ ҰК) мен Корея Каспий Мұнай Жобасы (бұдан әрі — Корея Консорциумы) арасындағы принциптер туралы келісімшарт шеңберінде бұрғылау жөніндегі барлау жұмыстарын жүргізу үшін теңіз бұрғылау қондырғысының құрылысын салуға байланысты Корея жағының міндеттемесі қаралды.

Қабылданған міндеттемеге сәйкес Корея Консорциумы бұрғылау қондырғысын іске өзі даярлайды, оған қондырғының құрылысын жүргізу, тасымалдау және жинау түгел енген. Бұл Қазақстанда құрастырылған алғашқы су асты бұрғылау қондырғысы. Құрылыс жұмыстары үшін қазақстандық «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС өндірістік қуаты толық пайдаланылуда.

Толығырақ: «ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы Корея Консорциумымен бірге су асты бұрғылау қондырғысын...

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері