Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

«Самұрық-Қазына» Қоры компанияларының сатып алулар туралы барлық мәліметтері бір www.skm.kz ресурсында қолжетімді болады

Еншілес және тәуелді компаниялардың сатып алуларын жетілдіру жөніндегі саясатты іске асыру шеңберінде және ашықтық пен жариялылықты арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында сатып алулар бойынша жаңа тегін www.skm.kz. ақпараттық ресурсы жұмыс істейді.

Аталған ресурс он-лайн режимінде Қор ұйымдарының: Қазақстан темір жолы, Қазмұнайгаз, Қазатомөнеркәсібі, Самұрық-энерго және басқа да компаниялар тобы ұйымдарының ең өзекті және объективті ақпараттары орналастырылатын біртұтас ақпараттық алаң болып табылады.

Сайттың «Сатып алулар» модулінде жүргізілген және жүргізілетін сатып алулар туралы хабарландырулар, тендерлік құжаттамалар, ашу және қортындыларды шығару хаттамалары, сондай-ақ сатып алудың барлық тәсілдері: бір көзден, ашық тендер, бағалық ұсыныстарды сұрату және басқалары бойынша Қор компанияларының сатып алу процедураларына қосымша өзге де ақпараттар  орналастырылған.

Енді ұсынушыларға Қор ұйымдарының 200-ден астам сайттарын қараудың  қажеті жоқ.   

Осы сайттың өзінде, «Жоспарлар» модулінде  ғана Қордың 240-тан астам компаниясының 3 трлн. теңгеден астам жалпы сомаға және шамамен алғанда тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтер көрсетудегі 375 000 позицияға топтастырылған сұранысын қарауға болады.

Тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің біртұтас номенклатуралық анықтамалығы (ТЖҚ БНА) біріңғай коды бойынша ғана бірнеше секундта тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің қажетті позициялары бойынша ақпарат алуға болады.

Қажет болған жағдайда пошта жәшігіне компаниялардың атауы, орналасқан жері мен сатып алу датасы, бағалары сипатталған жүргізілген және жоспарланып отырған сатып алулар туралы жедел құлақтандыру (атаулы таратылым) келіп түседі.

Порталда Қор компанияларының сатып алулар мәселелері бойынша көптеген басқа да пайдалы және қызықты ақпараттар: адал ұсынушылардың, отандық тауар өндірушілердің тізілімдері, сатып алулар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер берілген.

Сіздерді тіркелуге және Порталды пайдаланушылардың қатарына қосылуға шақырамыз.

 

 

 

Ағымдағы жылдың 4 – 6 тамызында «KMG Drilling & Services» ЖШС «Сәтті»...

Ағымдағы жылдың 4 – 6 тамызында «KMG Drilling & Services» ЖШС «Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) салу жобасымен танысу үшін  объект құрылысы алаңына (құрғақ док) барып, «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Жұмыс кеңесі барысында  «Oil Services Company» ЖШС өкілдері ӨКБҚ негізгі техникалық сипаттамаларымен және нысаналы мақсатымен, бас жоспарымен, «Сәтті» ӨКБҚ құрылыс сызбаларымен, сондай-ақ қондыру, дәнекерлеу, бояу-сырлау және оқшауландыру жұмыстарын жүргізу технологиясымен таныстырылды. Тестілеу және қосу-баптау әдісі, қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ Мердігердің жұмыс және қолданылатын материалдар сапасын бақылау рәсімі қаралды.

«Oil Services Company» ЖШС қызметкерлері құрылыс объектісі алаңына сапары барысында ӨКБҚ негізгі жүйелері және олардың функционалдық мақсаты, атап айтқанда энергиямен және сумен жабдықтау және құрғату, өрт қауіпсіздігі жүйесі және желдету, көтеру механизмдері, тұрғын блок, тікұшақ алаңы, теңгерімдік жүйе, шығыран жабдығы, бұрғылау ерітіндісін дайындау және беру жүйесі, сондай-ақ қойма жайлары көрсетілді.

«Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің Урихтау кен орнына (Ақтөбе облысы) жұмыс сапары бойынша баспасөз релизі

«KMG Drilling & Services» ЖШС және «СМАРТ-ОЙЛ» ЖШС арасындағы Сенімгерлік басқару шарты бойынша жұмыстар шеңберінде 23 – 27 шілде аралығында «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің Ақтөбе облысындағы Урихтау кен орнына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапар мақсаты «СМАРТ-ОЙЛ» ЖШС бұрғылау бригадаларымен тәжірибе алмасу, күкіртті сутегі бар ұңғымаларды бұрғылау әдістерін зерделеу, терең көлбеу-бағытталған ұңғымаларды салу жұмысын жүргізу, сондай-ақ 400 тоннадан жоғары жүк көтеруге қабілетті заманауи бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамаларымен танысу болып табылды. Осы сапар шеңберінде ZJ-70  бұрғылау қондырғысының жұмысы және тереңдігі 4 000 метрге дейін көлбеу-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау ерекшеліктері көрсетілді. 

1-фотосурет. «Oil Services Company» ЖШС қызметкерлері Ақтөбе облысы Урихтау кен орнында. ZJ-70 бұрғылау қондырғысы.

2-фотосурет. Бұрғылау пультінде бұрғылау үдерісін зерделеу. 

Мұнай-газ саласы бойынша әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жиыны өтті

2014 жылдың 10 шілдесінде ҚР Мұнай және газ министрлігінде барлау мен өндіру бизнес-бағыты бойынша ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесі қарастырылған мұнай-газ саласы бойынша әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жиыны өтті.

Комиссия мүшелеріне ҚМГ адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Е. Рахимбергенов еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін таныстырып шықты.

Тарифтік кесте мен лауазымдық қызметақының сызбасының құрылуына   әр мамандық пен лауазымды өндіріс кезіндегі ауырлығы мен еңбектің маңыздылығына байланысты анықтайтын қызметкерлер мен жұмыскерлердің Анықтамасының құрылуы негіз болғаны айтылды.

Еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі келесі өзгерістерді енгізеді:

- қызметкерлердің лауазымдық қызметақысының сызбасы және жұмыскерлердің мамандықтары бойынша тарифтік мөлшерлемелердің бірегейлендірілуі;

- айлық еңбекақыны есептеудің біркелкі алгоритмі.

Бүгінгі күні ЕТБЖ жұмыскерлерінің жалпы саны 40 мың адамды құрайтын барлау мен өндіру бизнес-бағытындағы 18 кәсіпорынға енгізілген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады.

Үстіміздегі жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында аталмыш компаниялар «Жамбыл» (ZB-1) құрылымында 2 200 метр тереңдікте бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Бұрғылау жұмыстарын ұйымдастырумен «Жамбыл Петролеум» операциялық компаниясы айналысты. Бұрғылау жұмыстарын тікелей жүргізген – халықаралық стандарттар бойынша сертификат алған «Теңіз Бұрғылау» ЖШС-і. Бұл мердігер кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100 пайыз еншілес кәсіпорыны болып табылады.

Толығырақ: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының...

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері