Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

Ақтауда Президент Н.Ә. НазарбаевқаҚазақстандағы алғашқы өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы таныстырылды

АСТАНА. ҚАЗИНФОРМ – Бүгін Маңғыстау облысына сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС теңіз металл конструкциялары зауытына барды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Зауытта Елбасы кәсіпорын қызметімен және «KMG Drilling & Services» ЖШС үшін салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев зауыт қызметкерлерімен кездесуі барысында шығарылатын өнімнің өңір мен мұнай-газ кешенінің дамуы үшін маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оларға еңбекте жаңа жетістіктер мен табыс тіледі.

«Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС зауыты мұнай-газ өнеркәсібі үшін жабдық және өнеркәсіптік қондырғылар жинау және жасаумен, кеме жасаумен, оларды жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорында барлығы 548 адам жұмыс істейді.

Алматыдағы Халықаралық мұнайшылар форумы

2014 жылғы 30 қыркүйек – 3 қазан аралығында Алматы қаласының ең ірі екі алаңында 22-ші «Мұнай және Газ» KIOGE 2014 Қазақстан халықаралық көрмесі және конференциясы өтеді

          KIOGE 2014 конференциясының негізгі мәселелері мыналар болады: көмірсутекті ресурстар базасын кеңейту, жер қойнауын пайдаланудағы заңнамалық өзгерістер, жобаларды қаржыландыру, мұнай тасымалдау құбырларын оңтайландырудың жаңа технологиялары, бұрғылау және өндіру технологияларын оңтайландыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Сонымен қатар биылғы жылы конференция шеңберінде кен орындары аймағында мұнай сервисін дамыту және инфрақұрылым құру мәселесі кеңінен қаралады.

          Конференцияға қатысуға мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық компаниялар мен даму институттарының басшылары, геологтар мен геофизиктер, инженерлер, заңгерлер, банк секторының өкілдері, сарапшылар, Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссиялар мен сауда өкілдіктерінің басшылары, қаржы менеджерлері және БАҚ өкілдері шақырылды.

          Жаңа үш бөлімнің көрсетілуі биылғы KIOGE көрмесінің ерекшелігі болмақ. Құбырлар мен инженерлік құрылыстар жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ құбырлар жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру мәселелерінің өзектілігі «Дәнекерлеу жабдығы және технологиясы» және «Жабындар – құбырлардың тоттануға қарсы жабындары» бөлімдерінің пайда болуына негіз болды.

         Жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін сатып алу көлемінде күрделі емес, капитал сыйымдылығы төмен тауарлар мен қызмет түрлері басым екендігін және қазіргі жағдайда мұнай-газ компаниялары мұнай өндіру үшін дәстүрлі емес технологияларды, арнаулы жабдықты, химиялық реагенттер мен материалдарды пайдаланатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанға озық білім мен жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан заманауи технологиялармен алмасу және оларды қолдану үшін елеулі әлеуеті бар мұнай-газ машина жасау және мұнай сервисі салаларына маңызды роль беріледі. Осы мәселенің өзектілігіне байланысты ұйымдастырушылар «Мұнай-газ машина жасау» жаңа бөлек секциясын ашты.

          Жыл сайын KIOGE көрмесі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, Алматы қаласының әкімдігі, «KazService» қазақстандық сервистік компаниялар одағы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен және белсенді қатысуымен өтеді.

           KIOGE ұйымдастырушылары - Iteca Қазақстан көрме компаниясы және оның серіктестері: ITE Group Plc (Ұлыбритания), ITE Moscow (Ресей), GIMA (Германия), ITE China (Қытай),  EUF (Түркия), ITE Poland (Польша), ITE Gulf (БАӘ).

«ҚазМұнайГаз» АҚ трансформациялау бағдарламасының жобасын таныстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамында бірден-бір акционер –«Самұрық-Қазына»АҚ және компания директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелерінің қатысуымен жаңғырту мен трансформациялау Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісте ҚМГ жұмысшы тобы дайындаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ трансформациялау бағдарламасының жобасы қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде трансформациялау бағдарламасы шеңберінде Қор мен ҚМГ алдында 30 дамыған әлемдік мемлекеттің қатарына ену старатегиясындағы Мемлекет басшысы қойған үлкен міндеттер тұрғанына назар аударды. 
Қордың көптеген компаниялары қазірдің өзінде бәсекелестікке бейімделіп үлгерді, бірақ қаржыны қайтарып беру, инвестиция тиімділігі бойынша біз әлемдік көшбасшылардан біраз қалып келеміз. Бізге Қор мен еншілес компаниялардың барлық қызметін терең трансформациялау қажет. Біздің бүкіл іс-қимылымыз барлық компанияларымыздың құнын арттыруға бағытталуы тиіс» деп атап көрсетті Өмірзақ Шөкеев.
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев ҚМГ-дағы трансформациялау бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Олар – барлау мен өндіру, қайта өңдеу, шетелдік активтерді басқару және корпоративтік орталық.
 
«Кеніштерді интеллектуальды түрде анықтау» жүйесін енгізу басты міндеті болып табылатын «Барлау және өндіру» бизнес-бағытына ерекше маңыз беріледі. «Барлау және өндіру» бизнес-бағытын трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кеніштерден дәл және жүйелі мәліметтер алу, тиімді ақпарат алмасу, ақпараттар ағынын жинақтау және талдау оңтайлы жолға қойылып, басқару шешімін дұрыс қабылдауға мүмкіндік туады деп жоспарлануда.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ағымдағы жылғы 03-05 қыркүйекте Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні құрметіне арналған іс-шаралар шеңберінде «KMG Drilling & Services» ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС,  «Oil Construction Company» ЖШС және «Oil Services Company» ЖШС-мен бірлесіп, ОСС, OSC және ОТК компанияларының Ақтау қаласында, Жетібай және Қаламқас кен орындарында жұмыс істейтін қызметкерлері үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

«KMG Drilling & Services» ЖШС еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында спорттық іс-шаралар (спартакиада), Маңғыстау облысының вокалды-аспапты ансамбльдерінің, белгілі әншілері мен музыканттарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«KMG Drilling & Services» ЖШС бас директоры Андар Мәулешұлы Шоқпытов компаниялардың өндірістік персоналын құттықтап, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ,  «KMG Drilling & Services» ЖШС басшылығы атынан өндіріс озаттары мен мұнай-газ саласының ардагерлеріне грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар «KMG Drilling & Services» ЖШС басшылығы «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 50 жылдығын мерекелеуге қатысты.

Суреттер:

«KMG Drilling & Services» ЖШС және Еншілес ұйымдармен арасында қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында Ақтау қаласында...

2014 ж. 22.08. «KMG Drilling & Services» ЖШС (сенімгерлік басқарушы) және «Oil Construction Сompany» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  (бұдан әрі – бірлсесіп «Еншілес ұйымдар» немесе «ЕҰ» деп аталады) арасында қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында Ақтау қаласында ЕҰ сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу өткізілді, оның шеңберінде Еншілес ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесiлi ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуына қатысты белгіленген талаптардың ережелері, атап айтқанда сатып алу мәселелері бойынша есептілік құру және ұсыну нұсқаулығының талаптары, әлеуетті өнім берушілердің хаттарын қарау мәселелері, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу қағидалары талқыланды.

Еншілес ұйымдар «KMG Drilling & Services» ЖШС келісімшарттар және сатып алу департаментін тендерлік құжаттамалардың техникалық өзіндік ерекшеліктерін келіскен кезде құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынас жасау барысында орын алатын мәселелер туралы хабардар етті.

Сатып алу нормаларын дұрыс қолдану мақсатында Департамент туындаған мәселелер бойынша ресми түсіндірмелер алу үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-қа сұрау жолдау қажет екендігі атап өтілді.

Кездесу нәтижесі бойынша Еншілес ұйымдармен сатып алу мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін мерзімді кездесулер өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері