Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациясы

6 қазанда Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры тобын трансформациялау бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы пилоттық компаниялар қатарында. Бүгін ұлттық компанияда трансформациялау жөніндегі кеңейтілген жұмыс тобының отырысы өткізілді. Оған қор, ұлттық компания және оның еншілес компанияларының басшылары кірді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та бірыңғай кадр саясатын енгізуге дайындық жүргізілуде. Бүгін Астанада болғалы отырған трансформациялау шеңберінде оның жобасы таныстырылды. Бұдан басқа Мәскеу бизнес-мектебінің сарапшылары компанияда құрылған трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері үшін тренингтер өткізуде. Оның ішінде бөлімшелердің және HR  басшылары да бар. Олар  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобында өзгерістерді жүзеге асырудың көшбасшылары болмақ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов былай деді:

- Президент компанияларда әлеуметтік лифтілердің болуы, адамның мансаптық өсуі түсінікті болуы туралы тапсырма бергені белгілі. Екіншіден, қызметкерлердің дамуы, олардың өз болашақ тағдырын біздің компаниямызбен байланыстыруы.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі - адамдар. Сондықтан трансформациялау шеңберінде «ҚазМұнайГазда» қызметкерлердің дағдылары мен өзін өзі ұстауы, басқару стилі мен тиімділігі өзгереді деп күтіледі.

«Самұрық-Қазына» қорының адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры Дэниэл Крюсберг:

- Ең бастысы, өзгерістердің драйвері болып табылатын аспектілерді қадағалау. Олар – адамдардың қабілеттері, тәжірибесі, білімі, мінез-құлқы. Адам өз орнында болуға тиіс. Бұл адамдардың дамуына инвестиция салу дегенді білдіреді. Сонымен бірге лайықты адамдарды қабылдауымыз қажет.

Жұмыс тобының отырысы үш күнге созылады. Оның нәтижесі бойынша кадр саясатын жетілдіруге және жемісті трансформациялауға бағытталған ұсыныстар мен нақты іс-шаралар жоспары қабылданады

«ҚазМұнайГаз»: трансформация жолында

2014 жылғы 20 қазанда  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ұлттық компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары өкілдерінің қатысуымен  «ҚМГ трансформациялануы.  HR  саясатындағы өзгерістер» атты үш күндік семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылуында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев және «Самұрық-Қазына» қорының адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры Дэниэл Крюсберг сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» қоры тобын трансформациялау бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлағаны атап өтілді. Трансформация кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы пилоттық компаниялар қатарында.

С. Мыңбаев бастапқы кезеңде түсіністікке қол жеткізу үшін трансформациялаудың барлық мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері  ҚМГ еншілес ұйымдарына жеткізілуге тиіс екендігін атап өтті. HR қызметтеріне қатысты атап өтетіні, трансформациялау барысында ҚМГ тобы кадр қызметтерінің бірыңғай схема бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Бірыңғай еңбекақы жүйесін одан әрі енгізуге, деректер жинауды автоматтандыруға, барлық компанияларда бірыңғай ұйымдық құрылымның қалыптасуына, мұнай-газ секторы мамандықтарының бірыңғай атауларын бекітуге ерекше назар аудару керек. Бұдан басқа, ҚМГ басшысының айтуынша, қызметкерлерді ынталандыру жолдарын ойластыру маңызды. «ҚазМұнайГаздың» әрбір қызметкері өзінің мансаптық өсу жолын айқын көруге тиіс. Отырыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов трансформациялау шеңберінде енгізілуге жоспарланып отырған ұлттық компанияның Бірыңғай кадр саясатымен таныстырды.

Семинар-кеңес нәтижесі бойынша  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын жетілдіруге және жемісті трансформациялауға бағытталған ұсыныстар мен нақты іс-шаралар жоспары қабылданады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдына корпоративтік басқаруды жақсарту және активтер құнын арттыру жөнінде нақты міндет қойды.

Бұл ретте Елбасы Қордың өзінің тікелей қызметіне күш жұмылдыру, оның ішінде өндірістік компанияларға инвестициялар тарту, жаңа өнім түрлерін меңгеру және жаңа технологияларды енгізу керектігін атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-министр К. Мәсімовтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Қорды жаңғыртуға арналған тиісті бағдарлама мақұлданды. Халықаралық кеңесшілермен бірлесіп дайындалған осы құжат «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Қор басшысы Ө. Шөкеевтің ақпараты бойынша жалпы алғанда Бағдарлама адам ресурстарын басқару бойынша ең озық тәжірибені енгізу, бизнес-процесстер реинжинирингі және толық қайта қарау, сондай-ақ технологияларды жаңғырту арқылы жүзеге асырылады.

«KMG Drilling & Services» ЖШС Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өңіраралық ынтымақтастығы ХI форумы шеңберінде «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» көрмесіне қатысты

29-30 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өңіраралық ынтымақтастығы ХI форумы шеңберінде «Жабдық және техникалық құралдар» тақырыбында көмірсутегі саласындағы инновацияларға арналған көрме өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин көрме экспонаттарымен танысты.

«KMG Drilling & Services»  ЖШС көрме қатысушыларының назарына  алғашқы қазақстандық «Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысының (бұдан әрі -  «Сәтті») макетін ұсынды.

«Сәтті» ӨКБҚ-ны жобалаған кезде Каспий теңізінің қазақстандық секторы жағдайында жұмыс істеуге арналған көптеген инновациялық шешімдер ескерілді, оның ішінде: ӨКБҚ көліктік шөгуін азайту, сутартқы тораптарын орнату, топырақ тазартқыш орнату және т.б. «Сәтті» ӨКБҚ тереңдігі 5 - 80 м теңіз суларында тереңдігі 6 000 м дейін ұңғыма салу жұмыстарын жүргізуге қабілетті.

«Сәтті» өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы Маңғыстау облысының кеме верфтерінде «Caspian Offshore&Marine Construction» ЖШС және «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС мердігер компанияларының күшімен салынып жатыр. Бүгінгі күні жұмыстардың 80%-ы аяқталды.

Көрме қатысушыларымен қатар компания стендімен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының министрліктері, облыстары және мұнай-газ компанияларының басшылары танысты.

 «KMG Drilling & Services» ЖШС көрмеге қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Энергетика министрліктерінің дипломдарымен марапатталды.

Суреттер:

ББҚ Ерсай кеме верфі айлағына ойдағыдай байланды

«КС Caspian Explorer» ЖШС-мен жасалған Сенімгерлік басқару туралы шарт талаптарына сәйкес «Caspian Explorer» батырылмалы бұрғылау қондырғысын (бұдан әрі – ББҚ)  басқаратын «KMG Drilling & Services» ЖШС 2014 жылғы 30 қыркүйекте Ақтау уақыты бойынша сағат 12:00-де ББҚ Ерсай кеме верві айлағына ойдағыдай байланғанын хабарлайды.

2014 жылғы 17 маусымда ББҚ «Жамбыл» учаскесінің ZT-1 ұңғымасына жұмылдырылды. Ол жерде ұңғыма бұрғылау мен өндірістік жұмыстарды қауіпсіз жүргізу нормалары мен технологияларын сақтай отырып ZT-1 барлау ұңғымасы сәтті бұрғыланды. Ұңғыма бұрғылау, сынау және жабу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін 2014 жылғы 27 қыркүйекте ББҚ бұрғылау нүктесінен кері жұмылдырылды.

ББҚ пайдалануға берілген уақыттан (2012 ж.) бастап осы күнге дейін жұмыс уақытын жоймастан 680 мың адам-сағаттан астам өткерілді, бұл өндірістік жарақаттардың жоқтығын және өндірістің тоқтатылмағанын білдіреді.  

Суреттер:

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері