Қазақстандық бұрғылау және сервистік компаниясы

Сiздiң сенiмдi бұрғылаушы серiктесiң

KIOGE 2016

Жаңа компанияның ауқымды жоспарлары

        Қазіргі заманауи Қазақстанның мұнай-газ секторы ұлттық экономика жүйесінде жетекші орынды алып келеді, бұл оның өзіне  инвестиция тартуға қызығушылық туғызу қабілетінің жоғары деңгейін білдіреді.

 

«Шевронның» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өзара тиімді ынтымақтастық туралы бастамаларын қолдаған алғашқы батыстық мұнай компаниясы екендігін бәріміз білеміз.

1993 жылы Қазақстан Үкіметі «Шеврон» компаниясымен бірлесіп,  Теңіз кен орнын өңдеу үшін «Теңізшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорнын құрды. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының жұмыс ауқымын 750 миллионннан 1,1 миллиард тоннаға дейінгі барлау  көлемін құрайтын  мұнай қорынан көре аламыз.

2007 және 2015 жылдар аралығында «Nabors Drilling International Limited» алдыңғы қатарлы   американдық компаниясы  ТШО үшін шұңғымаларды бұрғылау қызметтерін жүзеге асырып келді. Ол қазіргі таңда жер үсті бұрғылау қондырғыларының ең көп санына ие және шұңғымаларды жөндеуге арналған қондырғыларды ұсыну бойынша көшбасшы атанып отыр.   

Қазақстандық тарап бірнеше жылдар бойы бұрғылау саласында сапалы жаңа деңгейге көшу үшін бірқатар шаралар атқарып келеді.

Өз кезегінде, Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырыстарының бірінде Н.Ә. Назарбаев құрылыс, шұңғымалар мен қондырғыларда қызмет көрсету саласында еңбек ететін отандық  кәсіпорындардың  жаңа жұмыс бағыттары мен тиісті көлемдерді игере алатындықтарын нық сеніммен атап өтті.  

Айтылған сөзге дәлел ретінде, 2015 жылы сәуірде Қазақстанның мұнай-газ секторындағы бұрғылау бойынша қызмет көрсету нарығындағы  тәртіпті өзгерткен бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. «KMG Drilling & Services»  ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы) мен Nabors Drilling International Limited компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы құрылтайшы құжаттарға қол қойылды. Жаңа компания «KMG Nabors Drilling Company» (KNDC) деген атау алды.  Жобадағы қазақстандық тараптың үлесі 49%-ды құраса, шетелдік әріптестің үлесі - 51%-ды құрайды.

Бұрын-соңды қазақстандық тарап бұрғылау мердігері ретінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтағы жұмыстарға қатыспаған болатын.  Бұл жобалардың жоғары мәртебесін ескере отырып, бұрғылау жұмыстарына жоғары деңгейдегі шетелдік бұрғылау компаниялары ғана жұмылдырылды.

Енді жағдай түп тамырымен өзгерді, және «Nabors Drilling» компаниясының «Теңізшевройл» үшін жеке өзі атқарған жұмыс көлемінің жартысы қазақстандық бөлікке өтетін болады.

Сонымен қоса, KNDC бірлескен кәсіпорнының бірінші орынбасарынан бастап барлық жұмыс персоналы қазақстандық мамандардан жасақталған. 

Сервистік тапсырысты қайта табыстау туралы қол қойылған Келісім-шарты (Бұрғылау шарты)  ТШО үшін Теңіз кен орнында жүргізіліп жатқан бұрғылау жұмыстарының барлық көлемін бірлескен кәсіпорынға беруді қарастырады.

Бірлескен кәсіпорынның атқарған жұмыс ауқымы көңіл қуантады – ағымдағы жұмыс бағдарламасының аясында Теңізде жалпы құны 500 млн. астам АҚШ долларын құрайтын 150-ден астам терең шұңғымалардың құрылысы жоспарланып отыр.

Болашақтағы жұмыс ауқымын ескере отырып, KNDC бұрғылау бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды  атқарды. Соның ішінде, «Nabors Drilling» компаниясы KNDC-ке 3 бұрғылау қондырғысын берді.

«KMG Drilling & Services» ЖШС-ның өндірістік арсеналға қосқан үлесін толығырақ қарастырған жөн.

БК-ның қазақстандық қатысушысы біздің елімізде баламасы жоқ «бұталы» бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын жаңа буынды бұрғылау қондырғысына тапсырыс беріп, оны Хьюстонда (АҚШ) құрастырды. 

Жаңа бұрғылау қондырғысының негізгі техникалық мінездемелері: жүк көтергіштігі – 750 тонна, қуаттылығы 3000 ат күші, бұрғылау тереңдігі – 9000 метр.

Тұтастай алғанда, бұл жаңа жобаны қайта бағалау қиынға соғады. KNDC қызметінің аясында мұнай-газ сектордағы қазақстандық үлес өсіп келеді, тәжірибе, білім, басқару технологиясы мен жүйесін қолдану мүмкіндігі, ал ұзақ мерзімді болашақта бұрғылау мердігері ретінде Қазақстандағы басқа да ірі мұнай-газ жобаларында тиімді жұмыс атқару мүмкіндігі туындап отыр.

Біздің жобалар

Сатып алулар

© ТОО «KMG Drilling&Services», 2014
Байланыс деректері