Satti өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысы Бакуге жеткізілді.

2019 жылғы 19 маусымда Бакуде Satti өздігінен көтерілетін қазақстандық жүзбелі бұрғылау қондырғысын (бұдан әрі – ӨЖБҚ) ресми қабылдау рәсімі өтті. Іс – шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және SOCAR Әзірбайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясының (бұдан әрі-Socar) Президенті Ровнаг Абдуллаев қатысты.

«Мұндай жобалар екі компанияның достығы мен сындарлы ынтымақтастығының символы болып табылады. Біз серіктестерімізбен бірлескен қызметті одан әрі дамытуға және ортақ жобаларды қолдауға ниеттіміз. Бұл екі тарап үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мұнай - газ секторының құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті А.Айдарбаев.

Satti бұрғылау қондырғысы-бұл Қазақстанда толығымен салынған алғашқы платформа, ол үш жыл бойы американдық технологиялар бойынша екі верфьте салынды. ӨЖБҚ Каспий теңізінде тереңдігі 80 метрге дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған. ӨЖБҚ пайдалану шеңберінде оны жаңғырту көзделген, бұл тереңдігі 6 000 метрге дейінгі барлау ұңғымаларын қауіпсіз және тиімді бұрғылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұрғылауға қатысатын және техникалық қолдау көрсететін Қазақстан-Әзірбайжан мамандар командасы құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың ақпан айында ҚМГ ӨЖБҚ SOCAR компаниясының сенімді басқаруына беру туралы келіскен болатын. 14 маусымда ҚМГ-нің «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» еншілес компаниясы Құрық портынан Бакуге ӨЖБҚ тасымалдауды бастады.


Фотогалерея